14 қаңтар 2025 жылы Шонжы ауылдық округінің қызметкерлері ауыл жігіт бастарымен кездесіп, табиғатты қорғауға арналған “Таза Қазақстан” экологиялық бағдарламасың маңыздылығын талқылады.
Кездесу барысында:
✔️ Қоршаған ортаның тазалығын сақтау жолдары,
✔️ Ауыл тұрғындарын экологиялық шараларға тарту,
✔️ Болашақ ұрпаққа табиғи байлықтарды аманат ету мәселелері қозғалды.
Ақсақалдар өз пікірлерімен бөлісіп, экологиялық мәдениетті қалыптастыруда жастарға үлгі көрсетудің маңыздылығын атап өтті. Бұл бастама ауыл тұрғындары арасында бірлік пен жауапкершілік сезімін нығайтуға ықпал етеді.
Таза ауыл – жарқын болашақтың кепілі!
#ТазаҚазақстан #Экология #АқсақалдарКеңесі #ЧунджинАуылдықОкругі #БіргеТазалаймыз