
10 қаңтар күні Алматы облысы Ұйғыр ауданы Шонжы ауылында Ж.Құдайбергенов атындағы орта мектебінің жаңа 900 орындық ғимаратының ашылу салтанаты өтті. Ашылу салтанатына Алматы облысының әкімі Марат Елеусізұлы Сұлтанғазиев және облысымыздың құрметті азаматтары, ардагер ұстаздар, ата-аналар, білім беру мекемелерінің директорлары қатысты.