Шонжы ауылы ішіндегі көшелердің санитарлық жағдайына тексеру жұмыстары.

Шонжы ауылы ішіндегі көшелердің санитарлық жағдайына тексеру жұмыстары.

Ағымадағы жылдың 12 ақпан күні Шонжы ауылдық округі әкім аппаратының қызметкерлері мен учаскелік полиция инспекторы бірлесіп, ауыл ішіндегі көшелердің санитарлық жағдайына тексеру жұмыстарын жүргізді.

Айта кету керек, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабына сәйкес, елді мекендердің абаттандыру ережелерін бұзу, оның ішінде тұрғын үйдің алдына қоқыс тастау немесе құрылыс материалдарын бейберекет орналастыру – әкімшілік жауапкершілікке әкелетін құқық бұзушылық болып табылады. Осы жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, тұрғындарға ескерту қағаздары табысталды.

Ауылдың санитарлық тазалығы бойынша атқарылатын жұмыстар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын табатын болады.