Нашақорлыққа ЖОҚ де

Нашақорлыққа ЖОҚ де

Ағымдағы жылдың 4 қараша күні Шонжы ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушысы мен полиция қызметкерлері бірлесіп есірткі заттарына қатысты құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында елді мекен аумағындағы тасталған ғимараттарға рейдтік іс-шара жүргізді.
Тексеру барысында күдікті жазбалар мен заңбұзушылықтар анықталған жоқ.

Егер сіз елді мекен аумағында есірткі заттарына қатысты күдікті жазбалар, суреттер немесе заттар байқасаңыз, дереу полиция бөліміне немесе «102» нөміріне хабарласуыңызды сұраймыз. Азаматтық жауапкершілік танытып, қоғам қауіпсіздігіне бірге атсалысайық!