2024 жылдың 14 күні ауыл азаматтарының қолдауы мен ауылымыздың 25 отбасына 1 қап ұннан таратылды. «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» демекші, қандай қайырымды іс жасасаң да барлығы өзің үшін. Қазіргі кезде алаңдатып отырған індет жағдайы төмен отбасыларға, жалғызбасты қарттарымызға, көпбалалы отбасыларға, жалпы жұртшылыққа оңай болмай тұрғаны анық. Осынау сындарлы, сынаққа толы кезеңде ел баласы болып, жүкті жұмыла көтерсек, қайырымды болсақ, алынбайтын қамал, аспайтын асу жоқ. Осыны дәлелдейтін кез келді. Әр мұсылман қылған жақсылығының Алладан еселеп қайтатынына кәміл сенеміз.