жаңалық

жаңалық

Алматы облысының су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарындағы
көпшiлiктiң демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлерді белгілеу туралы
Алматы облысы әкімдігінің 2024 жылғы 29 сәуірдегі № 159 қаулысы. Алматы облысы
Әділет департаментінде 2024 жылғы 30 сәуірде № 6116-05 болып тіркелді
Қазақстан Республикасы Су Кодексінің 94-бабының 2-тармағына, "Қазақстан
Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы"
Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес
Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алматы облысының су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарындағы
көпшiлiктiң демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлер осы қаулының
қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Алматы облысы әкімдігінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы "Алматы облысының
су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшiлiктiң демалуына,
туризм мен спортқа арналған жерлерді белгілеу туралы" № 617 қаулысының (
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4987 болып
тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. "Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу
басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында
белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының Алматы облысының Әділет департаментінде мемлекеттік
тіркелуін;
2) осы қаулыны Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында ресми
жарияланғаннан кейін оның орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің жетекшілік ететін
орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн
өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы облысының әкімі М. Султангазиев
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және ирригация министрлігі
Су шаруашылығы комитетінің
Су ресурстарын пайдалануды реттеу
және қорғау жөніндегі Балқаш-Алакөл бассейндік
инспекция
Алматы облысы әкімдігінің 2024
жылғы 29 сәуірдегі № 159