06 қазан күні Аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен "Ұстаз- ұлттың рухани тірегі" атты мерекелік іс-шара өтті. Шара барысында Шарын ауылдық округінің ұстаздары арасынан ҚР Оқу ағарту министрлігінің Құрмет грамотасымен Нурпеисова Бакыт Жолаевна, Облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасымен Адилбекова Меруерт Маратовна, Аудан әкімінің Алғыс хатымен Саудагерова Галия Нурмышевна мен Закирьяров Ильхамжан Тохтигожаевич, Білім бөлімінің Құрмет грамотасымен Ногайбаева Майра Турагалдиевна мен Турсунов Дастан Тургановичтар марапатталды. Ұлағатты ұстаздарымыздың алған марапаттарын шын жүректен құттықтаймыз. Еңбектеріңіз жемісті , табыстарыңыз берекелі болсын.