Құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу

Құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу
2025 жылдың 22-қаңтар күні жол-көлік оқиғасының алдан алу, қоғамдық көліктер мен электроскутер,
мотокөлік пайдалаудағы заң талаптары туралы түсіндіру мақсатында 9-11 сынып оқушылары мен жасөспірімдерді
қамтыған жиын ұйымдастырылды. Жиынға ауылдың учаскелік полиция инспекторы полиция лейтенанты
С.С.Қасымханов, мектептің құқық менеджері Н.Турдали, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Қалабайқызы
мен Ұйғыр ауданының ПБ ЖПҚБ ЮПТ КТІЖ учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Н.А.Сыдыкова, Ұйғыр ауданының
ПБ криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі полиция капитаны Б.М.Ботабеков мырза  қатысты. Жиналыс барысында
тәртіп және құқықбұзушылық, қылмыстық әрекеттер, алаяқтық, зорлық-зомбылық, көлік, электроскутер, мотокөлік
жүргізу тәртібі мен заңдылықтары, алаяқтық туралы және осы аталған жағдайлар кезіндегі жаупкершгілік пен заң
аясындағы жаз түрлері туралы толық әрі нақты түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Оқушалыр өз тараптарынан қызықтырып
жүрген сұрақтарын қойып пікір алмасты.Жиын соңында ата-аналармен де жиналыс өткізіп, ауыл ішіне қойылған камерала
мен олардың рөлі, құқықбұзушылық, кәмелетке толмаған балалардың кешкі 8-ден кейін көшеде жүрмеуі, мотокөліктерді айдау
тәртібі мен жауапкершілігі, көшедегі қараусыз жүрген малдар, қазіргі таңда жүгенсіз жүріп жатқан интернет алаяқтық туралы
толық айтылды. Ата-аналарды бірлесіп жұмыс жасауға, жауапкершілікті сезінуге шақырды.