Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау.
Атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасы саны- 5. Кәсіпкерлікті дамыту бойынша 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба негізінде ауылдық округ бойынша Қысқа мерзімді кәсіптік оқуға жоспар бойынша 2 адам ұсынылған, орындалған жоқ. Жастар практикасы бойынша жоспар -3 адам, орындалғаны – 2 адам. Қоғамдық жұмысқа жоспар бойынша 2023 жылға жоспар бойынша 20 адам болған, 23 адам алынып, орындалды. Тұрақты жұмысқа орналасу жоспар 46 адам, орындалғаны 34 адам. Жаңа жұмыс орындарын құру тұрақты 13, орындалғаны-11,уақытша жоспар-25, оындалған-26адам.
Ауылдық округте 14 кәсіпкер бар, олар 9 дүкен, тұрмыстық қызмет көрсететін орталық-5;
Ауыз сумен қамту.
Қырғызсай ауылында ауыз су құбыры 2019 жылы салынды және орталықтандырылған. 2020 жылы «Ұйғыр Су Құбыры» МКК-ның қарамағына өтті. Ауыз судың комуналдық төлемі бекітілді.Қырғызсай ауылында ауыз су тұрақты қамтылуда
Рахат ауылының су құбырының сметалық құжаттары 2020 жылы жасаланды, ауыз су кіргізу жұмыстарына 207млн.624мың қаражат қарастырылды. Қазіргі уақытта су кіргізу жұмыстары толық аяқталды.
Электрмен жабдықтау және жылумен қамтамасыз ету.
Округ тұрғындары «Алматы жарық» АҚ есебіндегі электр жабдықтаулармен толық қамтамасыз етілген.
Көлік және коммуникация.
Қырғызсай ауылдық округі бойынша автокөлік жолдарының қашықтығы 26 шақырымды құрайды. Олардың 17,2 шақырымы асфальтты, 8,8 шақырымы тас-қиыршықты жолдар.
Округтің көшелері 100 пайызға асфалтанған. Қырғызсай ауылында 15көше, Рахат ауылына қарасты 9 көше бар. Барлық көшелерде түнгі жарықтандыру тіректері орналасқан. Жалпы алғанда округ көшелерінің 70 % түнгі жарықшаммен қамтылған.