Спорт кешенінің жалпы сипаттамасы:
Жалпы дене шынықтыру,күрес және бокс бойынша жарыстарға,оқу топтық және жеке сабақтарға арналған спорт кешені.
50 көрерменге арналған спорт кешені жарыстар,жалпы дене шынықтыру дайындығы бойынша,оқу жаттығу,топтық және жеке сабақтар, күрес және бокс сабақтарын өткізуге арналған.Спорт кешенінің құрамына: әмбебап спорт залы, бокс залы,күрес залы,әкімшілік және тұрмыстық мақсаттағы үй-жайлар кіреді. Ғимараттың бірінші қабатында: кіру тобы,әмбебап спорт залы, 24 адамға арналған 2 киім ауыстыратын бөлме (ерлер мен әйелдер үшін), 6 адамға арналған жаттықтыру залы, медициналық мақсаттағы бөлме, әкімшілік және тұрмыстық залдар орналасқан.
Екінші қабатта: күреспен айналысуға арналған зал, 15 адамға аранлған 2 киім ауыстыратын бөлме,техникалық залдар, тұрмыстық мақсаттағы бөлмелер орналасқан.
Жер телімінің көлемі: 0,60 га. Ғимараттың жалпы ауданы- 1590,8 шаршы метр.