
Кепебұлақ ауылы тұрғындарымен ашық кездесу өтті
Бүгін, 23 қыркүйек күні Кетпен ауылдық округінің әкімі Умбетжанов Марат Нұрахметұлы Кепебұлақ ауылының тұрғындарымен кезекті есеп беру кездесуін өткізді.
Кездесудің басты мақсаты – ауыл тұрғындарымен ашық пікір алмасып, елді мекеннің әлеуметтік-экономикалық дамуы, атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы міндеттер туралы ақпарат беру, сондай-ақ тұрғындардың ұсыныс-пікірлері мен өзекті мәселелерін тыңдау.
Жиын барысында ауыл әкімі атқарылған жұмыстарға тоқталып, алдағы кезеңге жоспарланған міндеттерді атап өтті. Өз кезегінде Кепебұлақ ауылының тұрғындары көкейде жүрген сауалдарын ашық қойып, ауылдың тұрмыс-тіршілігіне қатысты өз ұсыныстары мен талап-тілектерін жеткізді.
Тұрғындар тарапынан көтерілген әрбір мәселе назардан тыс қалмай, қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді. Бірқатар мәселелер бойынша тиісті түсіндірмелер жасалып, алдағы уақытта шешімін қажет ететін ұсыныстар назарға алынды.
Осындай есеп беру кездесулері – билік пен халық арасындағы ашық байланысты нығайтып, тұрғындардың талап-тілегін тікелей тыңдауға мүмкіндік беретін маңызды алаң. Ауылдың әл-ауқатын арттыру, тұрғындарға қолайлы жағдай қалыптастыру