Халықтың игілігі – басты назарда!

Халықтың игілігі – басты назарда!

Халықтың игілігі – басты назарда!

Кетпен ауылдық округінде тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету бағытында маңызды жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Ел игілігі үшін су құбырлары мен ысырмалар кезең-кезеңімен жаңартылып, инженерлік инфрақұрылым жүйесі жетілдірілуде.

Жүргізіліп жатқан жұмыстардың сапасы мен мерзімінде орындалуын қамтамасыз ету мақсатында Кетпен ауылдық округінің әкімі нысандарды аралап, жұмыс барысын жеке бақылауына алып, мердігер ұйым өкілдеріне тиісті тапсырмалар берді.

Бұл жұмыстардың басты мақсаты – тұрғындарға үздіксіз әрі сапалы ауыз су жеткізіп, ауылдың инженерлік инфрақұрылымын жаңғырту және халықтың тұрмыс сапасын арттыру.