Заң 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап:
Ең төменгі жалақы – 85 000 теңге.
Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 32 360 теңге.
Ең төменгі зейнетақы мөлшері – 62 771 теңге.
Айлық есептік көрсеткіш – 3932 теңге.
Базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс минимумы 46 228 теңгені құрайды.
2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджетте 21 триллион 392 миллиард 54 миллион 673 мың теңге кірістер көзделген. Шығындар – 25 триллион 193 миллиард 22 миллион 392 мың теңге.
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2025-2027 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферттер туралы» заңға да қол қойды.