2025 жылғы 21 мамыр күні сағат 11.00-де аудандық әкімдік ғимаратының мәжiлiс залында Уәлиханов аудандық мәслихатының VІІI шақырылған кезекті XХХІ сессиясының отырысы өткiзiледi.
Депутаттардың қарауына келесi мәселелер ұсынылады:
1. 2024 жылғы аудан бюджетінің және ауылдық округ бюджеттерінің атқарылуы туралы есептерін қарау туралы
2. Уәлиханов ауданында кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық жоба шеңберінде жобаларды іске асыру туралы
3. Білім бөлімінің 2024 жылғы жұмысы және перспективаға арналған жоспарлары, ауданда мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы туралы
4. басқа сұрақтар
Отырыстың онлайн-трансляциясы Facebook платформасында Уәлиханов аудандық мәслихаты парағы арқылы жүргізіледі.
Тұрақты комиссия отырысы сағат 9.00-де өтеді.
Анықтама телефондары: 21-4-33, 21-2-37