Мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті

Мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті
Уәлиханов аудандық мәслихатының 29 кезектен тыс сессиясын шақыруға жаңа Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодекстің қолданысқа енгізілуіне байланысты аудандық бюджетті қайта бекіту мәселесін қарау негіз болды.
Мәслихат төрағасы С.Қ.Сәниевтің төрағалығымен өткен сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасары Д.М.Бейсембин, аудандық сайлау комиссия төрағасының орынбасары Р.Ә.Мендин, аудан әкімдігінің экономика және қаржы бөлімінің басшысы С.Е.Шегебаева қатысты.
Негізгі мәселе бойынша экономика және қаржы бөлімінің басшысы С.Е.Шегебаева баяндады. Депутаттар заңнамаға енгізіліп отырған өзгерістерге сәйкес аудандық бюджетті бірауыздан мақұлдады.