"Бір ауысымда 250 келушіге арналған емхана құрылысы" объектісінде құрылыс жұмыстарының барысына мониторинг

"Бір ауысымда 250 келушіге арналған емхана құрылысы" объектісінде құрылыс жұмыстарының барысына мониторинг
Партиялық бақылау бекетінің мүшелері Уәлиханов аудандық мәслихатының төрағасы Сапар Қапарұлы Сәниев және аудандық мәслихат депутаттары Маржан Маратқызы Латыпова, Асқар Боранұлы Шаткенов Кішкенекөл ауылындағы "Бір ауысымда 250 келушіге арналған емхана құрылысы" объектісінде құрылыс жұмыстарының барысына мониторинг жүргізді.
Тексеру барысында медициналық мекеменің сапасы мен қауіпсіздігіне әсер етуі мүмкін сәйкессіздіктер мен кемшіліктер анықталды. Барлық анықталған ескертулер ресми актіде тіркеліп, тиісті шаралар қабылдау үшін тапсырыс беруші - "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы" КММ-не депутаттық сауал жолданды.