"Таза Қазақстан" акциясы аясында 21-26 сәуір аралығында өңірімізде "Бүкілқазақстандық орман отырғызу күні" өткізілуде. Осыған байланысты, аудан орталығы Кішкенекөл ауылындағы А.Қазымбетов атындағы стадионда жасыл көшеттерді отырғызу шарасы өтті. Бұл маңызды шараға аудандық мәслихат төрағасы С.Қ.Сәниев және мәслихат аппаратының ұжымы қатысты.
Тазалық әр адамнан, әр үйден, әрбір көше мен әр қаладан басталуы керек. Өйткені «Таза Қазақстан», бұл – бір күндік науқан емес. Бұл – біздің өмір салтымыз.
Айналамызды жинау, ағаш отырғызу арқылы біз жайлы да таза қоршаған орта қалыптастырамыз. Барлық аула мен көшені, саябақ пен алаңқайды ұқыпты ұстау – өз қолымызда. Тазалық пен тәртіп – дұрыс өмір салтын ұстанудың басты көрінісі.
Сондықтан, ауданымыздың әр тұрғынын өз ауласының аумағын таза ұстауға, көшесіне ағаш отырғызуға шақырамыз.