Аудандық мәслихаттың депутаттарымен семинар өткізілді

Аудандық мәслихаттың депутаттарымен семинар өткізілді
Бүгін 2025 жылғы 3-4 сәуір күндері Уәлиханов аудандық маслихатының төрағасы Сапар Қапарұлы Сәниев қатысып келген ҚР Парламент Сенатының Жергілікті өкілді органдарымен өзара әрекеттесу Кеңесінің кеңейтілген отырысының қорытындылары бойынша аудандық мәслихат депутаттарымен семинар өтті.
ҚР Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев "Мәслихаттар қоғам бірігуінің жергілікті орталықтарына айналуы тиіс" деп атап өткендіктен, семинар барысында жергілікті деңгейдегі депутаттардың жаңа рөлі туралы талқыланды.
Мәслихаттар жаңа мемлекеттік құрылым үлгісінің ажырамас бөлігіне айналып отыр. Мұны аудандық мәслихат төрағасы Сапар Сәниев депутаттарға жеткізді. Семинардың күн тәртібінде жергілікті өкілді органдардың өкілеттіктерін кеңейту, аймақтарды нығайту және жергілікті атқарушы органдарымен тиімді өзара әрекеттестік мәселелері талқыланды.
Мәслихат төрағасы депутаттарға алдағы уақытта жүзеге асырылуы тиіс бірқатар міндеттер қойды. Сонымен қатар, ҚР Парламент Сенатының Жергілікті өкілді органдарымен өзара әрекеттесу Кеңесі мәслихаттардың жұмысына арналған жаңа әдістемені дайындап жатыр, ол жақын арада әр маслихатқа, әрбір депутатқа жеткізіледі.