Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті

Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті
Бүгін, аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті. Отырысқа аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасары Дархан Машайұлы Бейсембин, бөлім және мекеме басшылары қатысты.
Отырысты экономиканы дамыту және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы Амангелді Солтанұлы Сатыбалдин жүргізді.
Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
✅ Ауданның денсаулық сақтау саласының жай-күйі және оны жақсарту шаралары
✅ Ауыл шаруашылығы құрылымдарының көктемгі егіс жұмыстарына дайындығы
✅ Мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру және жастардың бос уақытын тиімді өткізу шаралары
✅ «Уәлиханов ауданының Құрметті азаматы» атағын беру
Әрбір мәселе бойынша тиісті баяндамалар тыңдалып, сұрақтар қойылды. Депутаттар ұсыныстар енгізіп, қаулы жобаларын қабылдады.
Сонғы мәселе аудандық мәслихаттың сессиясына енгізілді.