2026 жылғы 20 тамыз күні сағат 11.00-де аудан әкімі аппараты ғимаратының мәжiлiс залында Уәлиханов аудандық мәслихатының VІІI шақырылған кезекті ХLІII сессиясының отырысы өткiзiледi.
Депутаттардың қарауына келесi мәселе ұсынылады:
1. Уәлиханов ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі
2. Ауданның коммуналдық меншігін басқару бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы
3. Басқа сұрақтар
Тұрақты комиссия отырысы сағат 9.30-да өтеді.
Отырыстың онлайн-трансляциясы Facebook платформасында Уәлиханов аудандық мәслихаты парағы арқылы жүргізіледі.