
Уәлиханов аудандық мәслихатының VIII шақырылған кезектен тыс XХХХI сессиясы аудандық мәслихат төрағасы С.С. Сәниевтің төрағалық етуімен өткізілді.
Сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасары Д.М. Бейсембин, аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Р.Ә. Мендин, ауылдық округ әкімдері, аудандық мекемелер мен ұйымдардың басшылары қатысты.
Сессияның күн тәртібіне келесі мәселелер енгізіліп, қаралды:
1. Уәлиханов аудандық мәслихатының 2025 жылғы 22 желтоқсандағы № 2-36с «2026–2028 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
2. «2026–2028 жылдарға арналған Уәлиханов ауданы ауылдық бюджеттерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
3. Қулыкөл ауылдық округінің проблемалары мен даму перспективалары туралы.
4. Аудандық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған бюджеттік инвестициялар туралы (автомобиль жолдарын жөндеу, ауыз сумен қамтамасыз ету, объектілерді салу және жөндеу, аумақтарды абаттандыру).
5. Уәлиханов аудандық мәслихатының 2026 жылғы 31 наурыздағы № 15-38с «Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің жанындағы жер комиссиясының жаңа құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
6. Уәлиханов аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 3-12с «Уәлиханов ауданының учаскелік сайлау комиссияларының құрамын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті баяндамалар тыңдалып, депутаттар тарапынан ұсыныстар мен пікірлер айтылды. Қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.