2025 жылғы Уәлиханов ауданы бюджетінің атқарылуы туралы есебі бекітілді

2025 жылғы Уәлиханов ауданы бюджетінің атқарылуы туралы есебі бекітілді
2026 жылғы 14 мамыр күні Уәлиханов аудандық мәслихат төрағасы Сапар Қапарұлы Сәниевтің төрағалығымен кезекті ХXХХ сессия өтті.
Сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасары Дархан Машайұлы Бейсембин, Солтүстік Қазақстан облыстық тексеру комиссиясының мүшесі Марат Жолдыбайұлы Ебжанов, аудандық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Руслан Әділханұлы Мендин, аудан әкімдігінің бөлім басшылары мен мекеме басшылары қатысты.
Негізгі мәселе ретінде «2025 жылға арналған Уәлиханов ауданының жергілікті бюджеттерінің атқарылуы туралы есепті бекіту туралы» қаралып, аудан әкімдігінің экономика және қаржы бөлімінің басшысы Сымбат Еркінқызы Шегебаева баяндама жасады.
Сонымен қатар, аудан бюджетінің орындалуына жүргізілген аудит қорытындысы туралы облыстық тексеру комиссиясының мүшесі Марат Жолдыбайұлы Ебжанов ақпарат берді.
Сессия барысында әлеуметтік-экономикалық даму, жұмыспен қамту, денсаулық сақтау, білім беру салаларындағы мәселелер және сайлау комиссиясының құрамына өзгерістер енгізу мәселесі қаралды.
Сонымен қатар, аудандық мансап орталығының директоры Зауреш Керейбайқызы Мұсабаева жұмыс күші артық өңірлерден жұмыс күші тапшы өңірлерге азаматтардың ерікті қоныс аударуын ынталандыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпарат берді. Сондай-ақ қандастардың көшіп келу мәселесіне қысқаша түсініктеме жасады.
Күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.