Кішкенекөл №2 орта мектебі ұжымымен депутаттың есептік кездесуі өтті

Кішкенекөл №2 орта мектебі ұжымымен депутаттың есептік кездесуі өтті
23 сәуір күні аудандық мәслихат депутаты Токимов Мереке Қабдешұлы Кішкенекөл №2 орта мектебінде халықпен есептік кездесу өткізді.
Кездесуде депутат атқарылған жұмыстардың қорытындыларын таныстырып, негізгі бағыттар мен жүзеге асқан бастамалар туралы баяндады.
Жиын барысында әлеуметтік-экономикалық даму, абаттандыру, жол инфрақұрылымы және тұрғындарды қолдау мәселелері талқыланды. Тұрғындар өз сұрақтарын қойып, ұсыныстарын білдірді.
Көтерілген мәселелер бойынша түсініктемелер беріліп, өзекті сұрақтар алдағы жұмысқа енгізілетіні айтылды.