Аудандық мәслихат төрағасы С.Қ. Сәниевтің төрағалығымен өткен аудандық мәслихаттың кезекті XXXVIII сессиясында депутаттар аудан бюджетін және бірқатар ауылдық округтердің бюджеттерін нақтылау мәселелерін қарады.
Сессияға аудан әкімінің орынбасары Д.М. Бейсембин, аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Г.Қ. Сағалиева, ауылдық округ әкімдері және мекеме басшылары қатысты.
Депутаттардың қарауына негізгі мәселе ретінде «Уәлиханов аудандық мәслихатының 2025 жылғы 22 желтоқсандағы №2-37с «2026–2028 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»шешім жобасы ұсынылды.
Аталған мәселе бойынша аудан әкімдігінің экономика және қаржы бөлімінің басшысы Сымбат Еркінқызы Шегебаева баяндама жасады. Сонымен қатар, ауылдық округ әкімдері ауылдық бюджеттерді нақтылау жөнінде ақпарат берді.
Қарасу ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Айгерім Бауыржанқызы Төлегенова «Қарасу ауылдық округінің проблемалары мен даму перспективалары туралы» тақырыбында баяндама жасап, негізгі мәселелерге тоқталды. Сондай-ақ Уәлиханов ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Даурен Сатайұлы Шалабаев салық салынатын базаны кеңейту бағытындағы жұмыстар туралы баяндады.
Аталған баяндамалар негізінде тиісті шешімдер қабылданды.
Сессия барысында аудандық мәслихаттың «Уәлиханов ауданының учаскелік сайлау комиссияларының құрамын сайлау туралы» 2023 жылғы 26 желтоқсандағы №3-12с шешіміне өзгерістер енгізу туралы шешім жобасы бекітілді.
Сондай-ақ аудан әкімдігі жанындағы кейбір консультативтік-кеңесші комиссиялардың құрамдарына өзгерістер енгізілді.