2026-2028 жылдарға арналған Уәлиханов ауданы ауылдық округтерінің үш жылдық бюджеті бекітілді

2026-2028 жылдарға арналған Уәлиханов ауданы ауылдық округтерінің үш жылдық бюджеті бекітілді

2025 жылғы 26 желтоқсанда Уәлиханов аудандық мәслихатының төрағасы Сапар Қапарұлы Сәниевтің төрағалығымен VIII шақырылған аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХХХVII сессиясының отырысы өтті.

Отырысқа Уәлиханов ауданы әкімінің орынбасары Дархан Машайұлы Бейсембин, ауылдық округ әкімдері, аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Руслан Әділханұлы Мендин, ауылдық округ әкімдері аппараттарының бас маман-есепшілері, аудандық бөлім басшылары қатысты.

Күн тәртібіндегі негізгі мәселе — «2026–2028 жылдарға арналған Уәлиханов ауданы ауылдық округтерінің бюджеттерін бекіту туралы» мәслихат шешімінің жобасын қарау болды.

Ұсынылған бюджет жобаларын талқылау нәтижесінде мәслихат депутаттары ауылдық округтердің үш жылдық бюджеттерін бірауыздан қабылдады.

Сондай-ақ келесі мәселелер бойынша мәслихаттың шешімдері қабылданды:
         — «2026 жылы Уәлиханов ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен салаларының мамандарына, сондай-ақ ауылдық округ әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне көтерме жәрдемақы мен тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсету туралы»;
        — «2026–2030 жылдарға арналған Уәлиханов ауданының даму жоспарын бекіту туралы».