2026-2028 жылдарға арналған ауданның үш жылдық бюджеті бекітілді

2026-2028 жылдарға арналған ауданның үш жылдық бюджеті бекітілді
2025 жылғы 22 желтоқсан күні Уәлиханов аудандық мәслихатының төрағасы Сапар Қапарұлы Сәниевтің төрағалығымен VІІІ шақырылған аудандық мәслихаттың кезекті ХХХVІ сессиясының отырысы өтті.
Отырысқа Уәлиханов ауданының әкімінің орынбасары Жанна Қайыргелдіқызы Жантілеуова(, экономика және қаржы бөлімінің басшысы Сымбат Еркінқызы Шегебаева, аудандық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Руслан Әділханұлы Мендин қатысты. Күн тәртібіндегі негізгі мәселе алдағы үш жылға арналған аудан бюджетін қарау болды.
Осы мәселе бойынша сөз сөйлеген экономика және қаржы бөлімінің басшысы Сымбат Еркінқызы Шегебаева 2026 жылға арналған аудан бюджеті жобасы әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз етуге, инфрақұрылымды жаңғыртуға және халықтың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған. Меншікті кірістер 2025 жылмен салыстырғанда 37%-ға өсіп, 1,23 млрд теңгені құрайды. Облыстық бюджеттен түсетін субвенция көлемі 46%-ға азайып, 851,4 млн теңге болып жоспарланған. Барлығы трансферттер мен кредиттер 2,88 млрд теңге көлемінде көзделген.
Әлеуметтік салаға 230,6 млн теңге бөлініп, атаулы әлеуметтік көмек, мүгедектігі бар адамдарды қолдау, үйде әлеуметтік қызмет көрсету және отбасыны қолдау орталығының қызметі қаржыландырылады.
Мәдениет саласына 271,0 млн теңге бағытталып, кітапханалардың жұмысы мен аудандық кітапхана ғимаратын күрделі жөндеу жұмыстары жалғасады.
Спорт пен жастар саясатына тиісінше 33,8 млн теңге және 30,2 млн теңге қарастырылып, бұқаралық спорттық іс-шаралар мен жастарға арналған жобалар іске асырылады.
Мемлекеттік басқару органдарын ұстауға 831,9 млн теңге бөлініп, мемлекеттік қызметшілердің жалақысын арттыру ескерілген.
Барлығы 441675 мың теңге, оның ішінде бюджеттік бағдарламалар бойынша:
495-036 "мәдениет объектілерін дамыту" - 157442 мың теңге, оның ішінде
Көктерек ауылында демалыс орталығының құрылысына-102098 мың теңге,
Сыртқы желілерді салу және демалыс орталығын абаттандыру-55344 мың теңге.
495-058 "ауылдық елді мекендерде сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамыту" - 200000 мың теңге, оның ішінде:
Қайрат ауылында тарату желілері бар су мұнарасын салуға - 100000 мың теңге (облыстық бюджеттен).
Құлыкөл ауылында тарату желілері бар су мұнарасын салуға - 100000 мың теңге (облыстық бюджеттен),
495-079 "Ауыл-ел бесігі" жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендерде әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту"
Кішкенекөл ауылында жаттығу залы бар жабық жүзу бассейнін салуға облыстық бюджеттен-84233 мың теңге (облыстық бюджеттен),
Автомобиль жолдарына 757,0 млн теңге қарастырылып ("Чехов-Жас Ұлан" жолын орташа жөндеуге - 200000 мың теңге, "Құлыкөл-Қаратал-Береке" жолын - 150000 мың теңге, "Көктерек-Тоспа-Жасқайрат" жолын орташа жөндеуге- Қайрат " - 126306 мың теңге," СҚО шекарасы –Ақмола облысының шекарасы " - 100000 мың теңге), аудандық және ауылішілік жолдарды жөндеу, күтіп ұстау және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары жалғасады.
Қорғаныс және төтенше жағдайлардың алдын алу шараларына 45,2 млн теңге бөлініп, өрт қауіпсіздігі мен құлақтандыру жүйелерін дамыту көзделген.
Ұсынылған бюджет жобасын талқылай келе, мәслихат депутаттары ауданның үш жылдық бюджетін бірауыздан қабылдады.
Сондай-ақ, келесі сұрақтар бойынша мәслихаттың шешімдерін қабылдады: мәслихат аппаратының құрылымы мен штат саны және аудандық мәслихаттың 2025 жылға арналған шығыстарына қаржы көлемі бекітіліп, аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер енгізілді. Депутаттар аудандық мәслихаттың 2025 жылғы тұрақты комиссияларының жұмысы туралы есепті және аудандық мәслихаттың және тұрақты комиссиялардың 2026 жылға арналған жұмыс жоспарын бекітті.