2025 жылғы 22 желтоқсан күні депутат Сатыбалдин Амангелді Солтанұлының төрағалығымен Уәлиханов аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті. Отырыстың күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
- Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының 2026-2028 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы
- Уәлиханов аудандық мәслихатының 2025 жылғы 18 қарашадағы №11 ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және әлеуметтік сала объектілерін жаңа жылыту маусымына дайындау туралы қаулысын орындау туралы
- Аудандық мәслихаттың 2025 жылғы тұрақты комиссияларының жұмысы туралы есеп туралы
- Аудандық мәслихаттың 2026 жылға арналған перспективалық жұмыс жоспары туралы.
Мәслихат сессиясына үш сұрақ енгізілді. Екінші сұрақ бойынша тиісті қаулы қабылданды.