Аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХХХV сессия отырысы

Аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХХХV сессия отырысы
2025 жылғы 5 желтоқсан күні сағат 11.00-де аудандық әкімдік ғимаратының мәжiлiс залында Уәлиханов аудандық мәслихатының VІІI шақырылған кезектен тыс XХХV сессиясының отырысы өткiзiледi.
Депутаттардың қарауына келесi мәселелер ұсынылады:
1. Уәлиханов аудандық мәслихатының 2025 жылғы 5 мамырдағы №2-29с «2025-2027 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
2. Ауылдық округ бюджеттеріне өзгерістер енгізу туралы
3. Уәлиханов аудандық мәслихатының 2024 жылғы 19 наурыздағы № 4-16 с «Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
4. Аудан әкімдігінің комиссияларына өзгерістер енгізу туралы
Отырыстың онлайн-трансляциясы Facebook платформасында Уәлиханов аудандық мәслихаты парағы арқылы жүргізіледі.
Тұрақты комиссия отырысы сағат 10.00-де өтеді.
Анықтама телефондары: 21-4-33, 21-2-37