Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті

Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті
Бүгін аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті. Отырысқа аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасары Сағитов Талғат Құрманғалиұлы бөлімдер мен мекеме басшылары қатысты.
Отырысты әлеуметтік саланы дамыту, заңнаманы сақтау және депутаттық этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрайымы Гүлнар Нұрланқызы Баймағанбетова өткізді.
Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
Ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және әлеуметтік сала объектілерін жаңа жылыту маусымына дайындау туралы
Полиция органдарының халықпен өзара іс-қимыл деңгейін арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы есебі және аудандағы бейнекамералардың жай-күйі туралы
Аудан тұрғындарын сапалы медициналық қызметтермен және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы және мүгедек адамдарға медициналық қызмет көрсету туралы
Әр сұрақ бойынша тиісті баяндамалар тыңдалып, сұрақтар қойылды. Депутаттар ұсыныстар енгізіп, қаулылар жобаларын қабылдады.