Аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХХХІV сессия отырысы

Аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХХХІV сессия отырысы
2025 жылғы 18 қараша күні сағат 11.00-де аудандық әкімдік ғимаратының мәжiлiс залында Уәлиханов аудандық мәслихатының VІІI шақырылған кезектен тыс XХХІV сессиясының отырысы өткiзiледi.
Депутаттардың қарауына келесi мәселелер ұсынылады:
1. «Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудандық мәслихатының 2023 жылғы 15 қарашадағы № 13-10с «Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
2. Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының 2026 жылға арналған оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы
3. «Уәлиханов аудандық аумақтық сайлау комиссиясының құрамын сайлау туралы» Уәлиханов аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы №2-12с шешіміне өзгерістер енгізу туралы
4. «Уәлиханов ауданының округтік сайлау комиссияларының құрамын сайлау туралы» Уәлиханов аудандық мәслихатының 2023 жылғы 17 қаңтардағы №2-27с шешіміне өзгерістер енгізу туралы
5. «Уәлиханов ауданының учаскелiк сайлау комиссияларының құрамын сайлау туралы» Уәлиханов аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 3-12 с шешіміне өзгерістер енгізу туралы
6. Аудан әкімдігінің комиссияларына өзгерістер енгізу туралы
7. Басқа сұрақтар
Отырыстың онлайн-трансляциясы Facebook платформасында Уәлиханов аудандық мәслихаты парағы арқылы жүргізіледі.
Тұрақты комиссия отырысы сағат 10.00-де өтеді.
Анықтама телефондары: 21-4-33, 21-2-37