Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті

Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті

2025 жылы 12 қараша күні  Уәлиханов аудандық Қоғамдық кеңесінің  кезекті отырысы өтті. Қоғамдық кеңес төрағасы Сайран Кенжетайұлы Ташкиннің төрағалығымен өткен отырысқа қоғамдық кеңес мүшелері мен бөлім басшылары қатысып, күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:

  1. Экономика және қаржы бөлімімен халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы;
  2. Уәлиханов аудандық аурухананың 2025 жылы мемлекеттік қызметтердің көрсетілуі 2024 жылдың көрсеткіштерімен салыстырмалы түрде;
  3. Ауданда интерет қызметтерін көрсету сапасы;
  4. Уәлиханов ауданында автомобиль жолдарын дамыту және күтіп ұстау;
  5. Сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің балансында тұрғын үйлер туралы;
  6. Аудан тұрғындарын мал азығымен қамтамасыз ету;
  7. Көп балалы отбасыларға әлеуметтік көмек көрсету барысы;
  8. Қоғамдық кеңес мүшесі Тоғжан Амринаның өтініші туралы;
  9. Резервтегі Ерсаин Нұрмұханұлы Искаковты Қоғамдық кеңес мүшелігіне енгізу туралы.

Ауданның қоғамдық кеңесінің мүшелері күн тәртібіндегі мәселелерді талқылауға белсене қатысып, бірқатар ескертулер мен ұсыныстар айтылды.