Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің ғимаратында күрделі жөндеу жұмыстары жалғасуда. Жөндеу жұмыстарын «Ertis Art Servis» ЖШС (Павлодар қ.) мердігер ұйымы жүргізуде. Жоба екі жылға жоспарланған, ал 2025 жылға арналған келісімшарттың жалпы сомасы – 199 930 489,03 теңгені құрайды.
Жөндеу жұмыстарының барысын партиялық бақылау постының мүшелері тексерді. Мониторингке аудандық мәслихат төрағасы, партия филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы С. Сәниев, аудандық «AMANAT»партия филиалының төрайымы М. Латыпова, сондай-ақ партиялық бақылау постының мүшелері – С. Қалиев пен Б. Қорқытов қатысты.
Қазіргі уақытта ғимараттың сыртқы әрлеу және қабырғаларды жылу оқшаулау жұмыстары жүргізілуде. Қажетті құрылыс материалдарының барлығы жеткізілген, құрылыс қаңқалары орнатылған.