2025 жылғы 25 маусым күні Уәлиханов аудандық мәслихатының әлеуметтік саланы дамыту, заңдылықты сақтау және депутаттық этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрайымы Гүлнар Нұрланқызы Баймағамбетованың төрағалығымен тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы өтті.
Отырысқа Уәлиханов ауданы әкімінің орынбасары Бейсембин Дархан Машайұлы, бөлім басшылары қатысты. Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
"Уәлиханов аудандық мәслихаттың 2025 жылғы 5 мамырдағы № 2-29 с «2025-2027 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы";
"Мүгедектігі бар адамдар үшін әлеуметтік қызметтер көрсетудің жай-күйі мен перспективаларын жақсарту жөніндегі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жұмысы туралы".
Комиссия отырысында депутаттар экономика бөлімі мен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшыларын тыңдап, өзекті сұрақтарын қойып, бірқатар ұсыныстар айтты.
Талқылау қорытындысы бойынша бірінші мәселе мәслихат сессиясының қарауына шығарылды, ал екінші мәселе бойынша тұрақты комиссияның қаулысы қабылданды.