Сессия жұмысына Уәлиханов ауданы әкімінің орынбасары Дархан Машайұлы Бейсембин, аудандық сайлау комиссия төрағасының орынбасары Руслан Әділханұлы Мендин, аудан әкімдігінің бөлім басшылары қатысты.
Депутаттардың қарауларына негізгі сұрақ ретінде «Уәлиханов аудандық мәслихатының 2025 жылғы 5 мамырдағы №2-29с «2025-2027 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселесі енгізіліп, бұл сұрақ бойынша аудан әкімдігінің экономика және қаржы бөлімінің басшысы Сымбат Еркінқызы Шегебаева баяндама жасады.
Күн тәртібіне сәйкес «Аудан тұрғындарын, оның ішінде жастарды жұмыспен қамту мәселелері бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы» аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Серік Қамбарұлы Қазымжановтың ақпараты тыңдалды.
Сонымен қатар, учаскелік сайлау комиссиялар құрамдарына өзгерістер енгізу туралы мәселе де талқыға салынып, бекітілді.