Уәлиханов аудандық Қоғамдық кеңес мүшесі Ахметов Арман Айтмағамбетұлы "Көкшетау-Омбы" республикалық трассасының (Кішкенекөл ауылынан Бидайық өткізу пунктіне дейін) жөндеу жұмыстарына мониторинг жасады. Қазіргі уақытта осы учаске бойынша орташа жөндеу жұмыстары басталды. Бұл жоба автомобиль жолын пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ететін құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес келеді.
Бұл жобаның мердігері-«Көкшетауавтодор» ЖШС. Жөндеу шеңберінде тұрақтандырғыш қоспаларды қолдана отырып, негізді қайта құру, ыстық асфальтбетон қоспасынан төменгі және жоғарғы қабатты орнату, жол белгілерін ауыстыру және таңбалау, су өткізу құбырларын жөндеу, автопавильондарды қайта құру жұмыстары жүргізіледі. Жоба сомасы 9,17 млрд.теңгені құрайды. Жұмыстар ағымдағы жылы аяқталуы тиіс.