Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу

31 мамыр – Қазақстан тарихының ең қайғылы беттерінің бірі, жаппай саяси қуғын-сүргін мен миллиондаған адамдардың өліміне әкеп соқтырған жан түршігерлік ашаршылықты еске алу күні.

Біздің ауданда сол жылдарғы саяси құрбандарын еске алуға арналған іс-шара өткізілді. Іс-шараға аудандық қоғамдық кеңестің мүшелері қатысып, ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Сонымен қатар, Қожахмет хазірет мешітінің бас имамы, қоғамдық кеңестің мүшесі Ахметов Арман Айтмағамбетұлы Құран аяттарын оқып, жазықсыз жапа шеккен ата – бабаларымыздың рухына дұға бағыштады.