Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы

Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы
2025 жылғы 21 мамыр күні аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті. Отырысты экономика және бюджетті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Амангелді Сұлтанұлы Сатыбалдин ашып, жүргізді.
Комиссия жұмысына аудан әкімінің орынбасары Талғат Құрманғалиұлы Сағитов, ауылдық округ әкімдері, бөлімдер мен ұйымдардың басшылары қатысты.
Күн тәртібі аясында келесі мәселелер қаралды:
1. 2024 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы туралы;
2. 2024 жылғы ауылдық округтер бюджеттерінің атқарылуы туралы;
3. Халықты сапалы электр энергиясымен қамтамасыз ету бойынша АЭЖ жұмысы туралы;
4. 2025 жылдың бірінші жартыжылдығындағы салық түсімдері жоспарының орындалуы және жылдық жоспардың орындалу болжамы туралы;
5. Ауданның елді мекендерін абаттандыру жөніндегі іс-шаралар туралы;
6. Аудан мектептерінде ыстық тамақты ұйымдастыру туралы;
7. Мәслихаттың 2025 жылғы 19 ақпандағы №2-26с "Кішкенекөл ауылының проблемалары мен даму перспективалары туралы"шешімін орындау туралы.
Әр сұрақ бойынша баяндамалар тыңдалды, депутаттар сұрақтар қойды және әрбір сұрақ қызу талқылаудан өтті. Сондай-ақ, барлық ауылдық округ әкімдерінің абаттандыру шаралары бойынша есептері тыңдалды.
Талқылау қорытындысы бойынша алғашқы екі мәселе аудандық мәслихат сессиясына енгізілді. Күн тәртібінің қалған сұрақтары бойынша депутаттардың ұсыныстарын ескере отырып, тиісті қаулылар қабылданды.