2025 жылғы 21 мамыр күні Уәлиханов аудандық мәслихат төрағасы Сапар Қапарұлы Сәниевтың төрағалығымен аудандық мәслихаттың кезекті ХХХІ сессиясының отырысы өтті.
Сессия жұмысына Уәлиханов ауданының әкімі Мұрат Тоқмағанбетұлы Абдулов, Солтүстік Қазақстан облыстық тексеру комиссиясының мүшесі Марат Жолдыбайұлы Ебжанов, аудандық сайлау комиссия төрағасының орынбасары Руслан Әділханұлы Мендин, ауылдық округ әкімдері, аудан әкімдігінің бөлім басшылары және аудандық мекемелер басшылары қатысты.
Депутаттардың қарауларына негізгі сұрақ ретінде «2024 жылғы Уәлиханов ауданының жергілікті бюджеттерінің атқарылуы туралы есебін бекіту туралы» мәселесі енгізіліп, бұл сұрақ бойынша аудан әкімдігінің экономика және қаржы бөлімінің басшысы Сымбат Еркінқызы Шегебаева баяндама жасады. Сонымен қатар, аудан бюджетінің орындалуына жасаған аудиттің қорытындысын депутаттардың назарына Солтүстік Қазақстан облыстық тексеру комиссиясының мүшесі Марат Жолдыбайұлы Ебжанов жеткізді.
Күн тәртібіне сәйкес «Уәлиханов ауданында кәсіпкерлікті дамыту жобаларының іске асырылуы туралы» аудан әкімдігінің кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің басшысы Жолдыбай Нұрмағанбетұлы Хасеновтың, «Білім бөлімінің 2024 жылғы жұмысы және перспективаға арналған жоспарлары, ауданда мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы туралы» білім бөлімі басшысының м.а. Манарбек Тайболатұлы Қабжановтың ақпараттары тыңдалды.
Сонымен қатар, аудандық мәслихаттың кейбір нормативтік-құқықтық актілеріне өзгерістер енгізілу туралы мәселелер қаралды, аудан әкімдігі жанындағы кейбір консультативтік және учаскелік сайлау комиссиялар құрамдарына өзгерістер енгізу туралы мәселе де талқыға салынып, бекітілді.