Мемлекет басшысының 2025 жылғы 8 қыркүйектегі «Елдің барлық өңірлерінде халықтың әлеуметтік осал санаттары үшін әлеуметтік төлемдер мөлшерін үйлестіру» атты Қазақстан халқына Жолдауының 89-тармағын орындау мақсатында «Уәлиханов аудандық мәслихатының 2023 жылғы 15 қарашадағы №13-10с «Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» 2026 жылғы 22 сәуірдегі №2-39с Уәлиханов аудандық мәслихатының шешімі қабылданды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 қаулысына сәйкес азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіз болған 3 талап:
- бас бостандығынан айыру орындарынан босатылуы және пробация қызметінің есебінде тұруы;
- егде жасына байланысты өзіне-өзі қызмет көрсетуге қабілетсіздігі;
- жетімдік және ата-анасының қамқорлығынсыз қалуы алынып тасталды.
Көмектің қосымша түрлерінен тісті протездеу қызметтеріне ақы төлеуге, ауруханаға жатқызу орнына дейін және кейін қарай жол жүру ақысын төлеуге, мамандандырылған емдік тамақтану тағайындалған мүгедек балаларға арналған әлеуметтік көмек алынып тасталды.