
«Ауыл аманаты» бағдарламасы ауыл тұрғындарының өмірін жақсартуға және табысын арттыруға бағытталған.
«Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша ауыл тұрғындарына жылдық 2,5% - бен 5-7 жыл мерзімге шағын несиелер беріледі.
Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға ерекше көңіл бөлінеді. Міндет – бастапқы капиталдың көмегімен олар істі ашып, кірістер есебінен қаржылық жағдайын жақсартуы үшін.
Осылайша, мемлекеттік жәрдемақылар қажет болмайды. Сонымен қатар, ауыл тұрғындары үшін жаңа жұмыс орындар ашылады. Ақшаны жаңадан бастаушылар да, қазіргі кәсіпкерлер де ала алады.
«Ауыл аманаты» бағдарламасы туралы толық ақпарат алу үшін «Уәлиханов ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» КММ-не телефон арқылы хабарласу қажет:
жұм. 8(71542)21484, ұялы 87783974547.