Жұмыспен қамтудың белсенді шаралары

Жұмыспен қамтудың белсенді шаралары

Халықты жұмыспен қамту саласындағы құқықтар:

      1) консультация және әлеуметтік кәсіптік бағдар алу;

      2) еңбек делдалдығы;

      3) жергілікті атқарушы органдар белгілеген квоталар шеңберінде жұмысқа орналасу;

      4) мүгедектігі бар адамдар үшін құрылған арнаулы жұмыс орындары шеңберінде жұмысқа орналасу;

      5) мыналар:

       кәсіптік оқу;

       кәсіпкерлік бастамаға жәрдемдесу;

      субсидияланатын жұмыс орындарына жіберу;

      жұмыс күшінің мобильділігін арттыру үшін ерікті қоныс аударуға жәрдемдесу кіретін жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысу;

      6) жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді алу құқықтарын қамтиды.

Субсидияланатын жұмыс орындарына жұмыссыздардың, денсаулыққа зиян келтірмейтін және оқу процесін бұзбайтын жұмыстарға қатысатын студенттердің және жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушыларының оқудан бос уақытта жұмысқа орналасуға құқығы бар.

         Жұмыс беруші мансап орталығымен шарттық негізде субсидияланатын жұмыс орындарын құрады, оларды құру кезінде тұрақты жұмыс орындарына арналған бос орындар пайдаланылмайды.

      Субсидияланатын жұмыс орындары ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда құрылмайды.

     Жұмыс беруші мен еңбек мобильділігі орталығы арасындағы субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы шарт Электрондық еңбек биржасы арқылы жасалады.

     Қоғамдық жұмыстарға табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою қажеттілігіне байланысты қызмет түрлері жатпайды.

      Қоғамдық жұмыстардың мынадай ерекшеліктері бар:

      1) жұмыстарды толық емес жұмыс күні шарттарында немесе икемді кесте бойынша ұйымдастыру мүмкіндігі;

      2) өңір үшін экономикалық, әлеуметтік және экологиялық тұрғыдан пайдалы;

      3) арнайы білімі жоқ адамдарға уақытша жұмысқа орналасуға мүмкіндік беріледі.

          Қоғамдық жұмыстар барлық меншік нысанындағы жұмыс берушілерде ұйымдастырылады.

Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға арналған жұмыс орындарының саны:

      1) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 79-3-бабына сәйкес, бірінші санаттағы әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері болып танылған жұмыс берушілер үшін 1-ден 10-ға дейін жұмыс орындарын құрайды;

      2) акционерлік қоғамдар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер және (немесе) олардың филиалдары үшін 1-ден 5-ке дейін жұмыс орындарын құрайды;

      3) дара кәсіпкерлер, шаруа және фермер қожалықтары үшін 1-ден 5-ке дейін жұмыс орындарын құрайды;

      4) үкіметтік емес ұйымдар және (немесе) олардың филиалдары үшін 1-ден 5-ке дейін жұмыс орындарын құрайды;

      5) кенттердің және ауылдық округтердің әкімдіктерін қоса алғанда, мемлекеттік ұйымдар үшін 1-ден 5-ке дейін жұмыс орындарын құрайды.

Қоғамдық жұмыстар жұмыскердің алдын ала кәсіптік даярлығын талап етпейді және әлеуметтік пайдалы бағытқа ие болады.

2026 жылы қоғамдық жұмыстарға қатысушылардың жалақысы 24 АЕК немесе 103800 теңге құрады.

            Барлық сұрақтар бойынша мына телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (71542) 21943, 8 (71542) 21682.