
«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» КММ басшысы Р.Елжасовтың 04.07.2025 жылғы № 121-НҚ бұйрығына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы бойынша кедейлік шегі 2025 жылдың 3 тоқсанында 39 159 теңге сомасында анықталды.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алудың негізгі критерийі - жан басына шаққандағы орташа табыс.
Жан басына шаққандағы орташа табыс – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі. АӘК жан басына шаққандағы орташа табыс пен кедейлік шегінің айырмашылығы ретінде тағайындалады. Табысы асып кеткен жағдайда АӘК тағайындалмайды.