
Түркістан облысының жер ресурстарын басқару департаментімен Арыс қаласы әкімі Аппаратының хаты негізінде екі Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысты жер заңдылықтарының сақталуы бойынша тексеріс жүргізілді.
Белгілі болғандай тексеру субъектілері Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 337 бабының 1 тармағын бұза отырып, әрекет еткен.
Топырақтың құнарлы қабатын заңсыз сыдырып алғаны үшін Департаменпен ЖШС-нен 5 865 000 теңге айыппұл өндірілді.
Бұдан бөлек ҚР Жер кодексінің 148-бабының 1-тармағының 6 тармақшасына сәйкес ҚР жер заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы орындалуға міндетті нұсқама берілді. Нұсқама орындалмаған жағдайда ЖШС ӘҚБтК-нің 462-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады және нұсқаманы мәжбүрлі түрде орындату үшін Департаментпен сотқа талап арыз берілетін болады.