Атырау облысында топырақтың құнарлы қабатын заңсыз сыдырып алғаны үшін ЖШС айыппұл төледі

Атырау облысында топырақтың құнарлы қабатын заңсыз сыдырып алғаны үшін ЖШС айыппұл төледі

ҚР АШМ ЖРБК Атырау облысының Жер ресурстарын басқару департаменті ЖШС-ге қатысты жер заңнамасы нормаларының сақталуына жоспардан тыс тексеру жүргізді.

Нәтижесінде ЖШС іс-әрекеттерінде Қызылқоға ауданы Сағыз ауылында құнарлы топырақ қабатын заңсыз алып тастау түріндегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР кодексінің 337-бабы 1-тармағының бұзылғаны анықталды. Компанияға 3,6 млн теңге көлемінде айыппұл салынды және құқық бұзушылықты жою туралы орындалуы міндетті нұсқама берілді.

Бұдан басқа, Департамент «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 136-бабына сәйкес екі ЖШС-ге қатысты мемлекеттік жерлерді заңсыз иемдену фактісі бойынша әкімшілік істер қозғады және жалпы сомасы 369 000 теңгеден астам айыппұл салынды, олар толық көлемде өндірілді. Сондай-ақ, құқық бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымдар берілді.