Үздік ауылдық маңызы бар мемлекеттік кітапхана

Үздік ауылдық маңызы бар мемлекеттік кітапхана

Уәлиханов ауданының Қайрат ауылдық кітапханасы «Рухани қазына – 2025» республикалық фестивалінде «Үздік ауылдық маңызы бар мемлекеттік кітапхана» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.

Республикалық фестиваль Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен өтті. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен 86 кітапхана, 50 мәдени-демалыс ұйымы және 32 музей қатысып, үш күн бойы білікті қазылар алқасы байқау материалдарын сараптады. Нәтижесінде 19 номинация бойынша жеңімпаздар анықталды.

Бұл жеңіс – Уәлиханов ауданы үшін үлкен мақтаныш және аудандық кітапхана саласының зор потенциалының айғағы.

Аудандық кітапхана және Қайрат ауылдық кітапханасының ұжымын шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да шығармашылық табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз.