🔰 ОТЫРАР: ДЕПАРТАМЕНТ ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫ ТАЛАПТАРЫНЫҢ ОРЫНДАЛУ ТӘРТІБІН ТҮСІНДІРУ МАҚСАТЫНДА "ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ-ҚЫРҒЫЗСТАН "ЗАРЕЧНОЕ" АҚ-НЫҢ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

🔰 ОТЫРАР: ДЕПАРТАМЕНТ ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫ ТАЛАПТАРЫНЫҢ ОРЫНДАЛУ ТӘРТІБІН ТҮСІНДІРУ МАҚСАТЫНДА "ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ-ҚЫРҒЫЗСТАН "ЗАРЕЧНОЕ" АҚ-НЫҢ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

🔰 ОТЫРАР: ДЕПАРТАМЕНТ ВСТРЕТИЛСЯ С КОЛЛЕКТИВОМ АО "КАЗАХСТАН-РОССИЯ-КЫРГЫЗСТАН "ЗАРЕЧНОЕ" В ЦЕЛЯХ РАЗЪЯСНЕНИЯ ПОРЯДКА ВЫПОЛНЕНИЯ ТРЕБОВАНИЙ ТРУДОВОГО ЗАКОНОДАТЕЛЬСТВА
ОТЫРАР: ДЕПАРТАМЕНТ ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫ ТАЛАПТАРЫНЫҢ ОРЫНДАЛУ ТӘРТІБІН ТҮСІНДІРУ МАҚСАТЫНДА "ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ-ҚЫРҒЫЗСТАН "ЗАРЕЧНОЕ" АҚ-НЫҢ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ
📌 Департаментпен бекітілген Түркістан облысы аумағындағы кәсіпорындарда (соның ішінде жазатайым жағдайлар орын алған) еңбек заңнамаларының талаптарының сақталуы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізуге арналған жұмыс жоспарына» сәйкес 2025 жылдың 16 мамырында Департамент басшысының орынбасары Ибадуллаев Берік Серікбайұлы және Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Серғазы Дамир Серғазыұлы Отырар ауданында орналасқан «Қазақстан-Ресей-Қырғызстан "ЗАРЕЧНОЕ" АҚ-ның еңбек ұжымымен кездесу өткізді.
📌 Кездесудің басты мақсаты - өңірдегі кәсіпорындарындағы еңбек ұжымына еңбек заңнамалық талаптарының сақталуына түсіндірме беру, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің заңнамалық талаптарына қатысты еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелерінің басым бағыттарын талқылау.
📌 Сонымен қатар, Департамент басшысының орынбасары Берік Серікбайұлы өңірдегі кәсіпорындарда жыл сайын орын алатын өндірістегі жазатайым оқиғаның және жұмысқа байланысты кәсіби аурулардың салдарынан көз жұмған жұмыскерлердің пайыздық көрсеткіштеріне талдау жасап, Еңбек кодексі бойынша негізгі қойылатын талаптар және жұмыс берушілер тарапынан жиі заң бұзушылықтарға жол берілетін мәселелерге тоқталды.
📌 Сонымен қатар, МЕИ Дамир Серғазыұлы «Қазақстан-Ресей-Қырғызстан "ЗАРЕЧНОЕ" АҚ-ның қызметкерлеріне міндетті әлеуметтік сақтандыру мәселелері бойынша әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыруда белсенді жұмыстар жүргізілуі үшін өңірлердегі кәсіпорындарда консультациялық және түсіндіру жұмыстарын жүргізуді, міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы ақпараттық жүйенің құрылуына және жүзеге асырылуына байланысты еңбек қатынастарына қатысты тиісті жұмыстар атқару қажеттілігі айтылды.
📌 Кездесу соңы ұжым қызметкерлер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берумен жалғасын тапты.