«ОТЫРАР СҮТ ЕТ» ЖШС-НІҢ ҰЖЫМЫНА ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫ ТАЛАПТАРЫНЫҢ САҚТАЛУЫ БОЙЫНША АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

«ОТЫРАР СҮТ ЕТ» ЖШС-НІҢ ҰЖЫМЫНА ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫ ТАЛАПТАРЫНЫҢ САҚТАЛУЫ БОЙЫНША АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

«ОТЫРАР СҮТ ЕТ» ЖШС-НІҢ ҰЖЫМЫНА ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫ ТАЛАПТАРЫНЫҢ САҚТАЛУЫ БОЙЫНША АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
🔹 Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторларының Отырар ауданына жұмыс сапарындағы кезекті кездесулері ауыл шаруашылығы саласына қатысты 2009 жылы құрылған «Отырар сүт ет» ЖШС-нің ұжымымен кездесумен жалғасын тапты.
🔹 Кездесу барысында еңбек ұжымына Департаментпен бекітілген «ҚР Президентінің «Жұмысшы мамандықтарының жылын жариялау туралы» Жарлығын іске асыру мақсатында Түркістан облысы аумағындағы кәсіпорындарда (соның ішінде жазатайым жағдайлар орын алған) еңбек заңнамаларының талаптарының сақталуы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізуге арналған жұмыс жоспарына» сәйкес ұйымдастырылып отырғандығын және «Отырар сүт ет» ЖШС-нің жұмысшыларына еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау нормаларын сақтау мәселелерін тарқатып өтті.
🔹 Басшының орынбасары Берік Серікбайұлы өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулар деңгейін төмендету мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып табылатынын, еңбек заңнамалық талаптарына қатысты еңбек қауіпсіздігі мәселелерін тарқата отырып, өңірдегі кәсіпорындардағы орын алатын жазатайым оқиғаның және жұмысқа байланысты кәсіби аурулардың салдарынан көз жұмған жұмыскерлердің пайыздық көрсеткіштеріне талдау жасады.
🔹 Сонымен қатар, Департаменттің МЕИ Дамир Серғазыұлы өз баяндамасында міндетті әлеуметтік сақтандыру мәселелері бойынша әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыруда белсенді жұмыстар жүргізілуі үшін өңірлердегі кәсіпорындарда түсіндіру жұмыстарын жүргізуді, міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы еңбек қатынастарына қатысты тиісті жұмыстар атқару қажеттілігін атап өтті.
🔹 Кездесу соңында Серіктестік басшылығы Департамент өкілдерін өндіріс орынымен және жалпы атқарылатын жұмыс барысымен танысырып, алдағы уақытқа жоспарланған жаңа жобалармен бөлісті.