
ДЕПАРТАМЕНТ: ЕҢБЕК ТӘУЕКЕЛДЕР КАРТАСЫ БОЙЫНША ОТЫРАР АУДАНДЫҚ МАНСАП ОРТАЛЫҒЫ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
📌 Ағымдағы жылдың 16 мамырында «Еңбек тәуекелдерінің цифрлық картасы» ақпараттық жүйесінің мақсаты мен міндетіне түсіндірме беру жұмыстарын жүргізу мақсатында Департамент басшысының орынбасары Ибадуллаев Берік Серікбайұлы және Департаменттің МЕИ Серғазы Дамир Серғазыұлы министрліктің еңбек тәуекелдер картасына енген Түркістан облысына қарасты Отырар аудандық Мансап орталығының ұжымымен кездесті.
📌 Кездесу барысында Басшының орынбасары Берік Серікбайұлы Мансап орталығының ұжымына ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бастамасымен 2024 жылы іске қосылған «Еңбек тәуекелдерінің цифрлық картасы» ақпараттық жүйесі туралы, оның өңір кәсіпорындарында ықтимал еңбек тәуекелдерінің алдын алу тәсілдерін жетілдіру мақсатында жұмысшылардың құқықтарын қорғауда іске асырылатын басым бағыттардың бірі екендігін және ол бойынша тұрақты мониторинг жүргізілетіндігін атап өтті.
📌 Сонымен қатар, МЕИ Дамир Серғазыұлы орталықтың қызметкерлерін еңбек тәуекелдер картасымен таныстыра отырып, еңбек тәуекелдері картасына енуіне қатысты түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қауіпсіз еңбекті қамтамасыз ету, айлық жалақы, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік төлемдердің уақытылы аударылуын бақылау басты назарда екенін, сол себепті цифландыруды тиімді енгізуді қамтамасыз ету жобалары жүргізіліп жатқандығын түсіндірді.
📌 Кездесу соңында Департамент өкілдері Отырар аудандық Мансап орталығының қызметкерлеріне жұмыс барысында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласында жұмыс сапасын жақсарту, жетілдіру, сонымен қатар, мүмкін болатын еңбек тәуекелдерінің алдын-алу тәсілдерін іске асыруда бағытталған Еңбек тәуекелдерінің цифрлық картасын іске асыруда бірқатар ұсыныстар бере отырып, ұжым тарапынан туындаған сұрақтарға жауап берді.