🔰 ОТЫРАР: ДЕПАРТАМЕНТ ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫНЫҢ ТАЛАПТАРЫНЫҢ САҚТАЛУЫ БОЙЫНША АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНА ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

🔰 ОТЫРАР: ДЕПАРТАМЕНТ ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫНЫҢ ТАЛАПТАРЫНЫҢ САҚТАЛУЫ БОЙЫНША АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНА ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

ОТЫРАР: ДЕПАРТАМЕНТ ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫНЫҢ ТАЛАПТАРЫНЫҢ САҚТАЛУЫ БОЙЫНША АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНА ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ
🔹 Департаментпен бекітілген «ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Жұмысшы мамандықтарының жылын жариялау туралы» Жарлығын іске асыру мақсатында Түркістан облысы аумағындағы кәсіпорындарда (соның ішінде жазатайым жағдайлар орын алған) еңбек заңнамаларының талаптарының сақталуы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізуге арналған жұмыс жоспарына» сәйкес Басшысының орынбасары Ибадуллаев Берік Серікбайұлы 2025 жылдың 16 мамырындағы кезекті кездесуде еңбек ұжымына аталмыш кездесудің мақсаты мен міндетін түсіндірді.
🔹 Сонымен қатар, «Отырар аудандық орталық ауруханасы» МКК-ның ұжымына Еңбек кодексінің заңнамалық талаптарын негізге ала отырып, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету және зиянды өндірісте жұмыс істейтін жұмысшыларды қорғау деңгейін арттыру бойынша атқарылатын іс-шаралар мен орын алған заңбұзушылықтарда қолданылатын шаралар туралы баяндады.
🔹 Сондай-ақ, Түркістан облысына қарасты өңірдегі кәсіпорындарда жыл сайын орын алатын өндірістегі жазатайым оқиғаның және жұмысқа байланысты кәсіби аурулардың салдарынан көз жұмған жұмыскерлердің пайыздық көрсеткіштеріне талдау жасалды.
🔹 Департаменттің МЕИ Дамир Серғазыұлы өз баяндамасында Еңбек заңнамасы бойынша негізгі қойылатын талаптар және жұмыс берушілер тарапынан жиі орын алатын заң бұзушылықтарға, сондай-ақ, міндетті әлеуметтік сақтандыру мәселелері бойынша әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыруда белсенді жұмыстар жүргізілуі үшін өңірлердегі кәсіпорындарда консультациялық және түсіндіру жұмыстарын жүргізуді, міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы ақпараттық жүйенің құрылуына және жүзеге асырылуына байланысты еңбек қатынастарына қатысты тиісті жұмыстар атқару қажеттілігін атап өтті.