
⚜️ БӘЙДІБЕК: МӘЖБҮРЛІ ЕҢБЕККЕ ЖОЛ ЖОҚ!
🔹 Түркістан облысы полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры М.Т.Қабденовпен бекітілген кестеге сәйкес 2025 жылдың 14 мамыр күні Бәйдібек ауданы Шаян елді мекенінде халық арасында адам саудасының алдын-алу және мәжбүрлі еңбек құрбандарын анықтау бойынша ағарту және ақпараттық іс-шараларды, түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу мақсатында құрылған арнайы мобильді топ өңірдің әлеуметтік сала қызметкерлерімен кездесу өткізді.
🔹 Мәжбүрлі еңбек, қылмыстық заңнама және адам саудасының құрбандарына көмек көрсетуді көздейтін құқықтық актілер, адам саудасының жалпы белгілері және айналыс үшін байланыстар туралы кеңестер берілді.
🔹 Кездесуге Департамент тарапынан мемлекеттік еңбек инспекторы Сихымбай Дінмұхамед Иглікұлы қатысып, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласы арқылы мәжбүрлі еңбектің құрбандары болғандарға және оның алдын-алу, болдырмауға байланысты құқықтық көмек көрсету мақсатында ҚР Еңбек кодексінің заңнамалық талаптарына сәйкес түсіндірме жұмыстарын жүргізді.